Жанна Уразбахова, Анар Бурашева және әйелдер құқығын қорғау саласындағы басқа да белсенділер мен сарапшылар, сондай-ақ такси жүргізуші әйелдер Қазақстанда әйел жүргізушілердің жұмыс жағдайын жақсарту және нәзік жанды жолаушыларға қауіпсіз орта жасау мәселесін талқылады. Талқылау inDrive көлік және қалалық қызметтер сервисі ұйымдастырған Women in RH панельдік пікірталасы аясында өтті.

2024 жылдың қазан айының соңында Алматыда «Women in RH» (“Автокөлікпен саяхаттаған әйелдер”) тақырыбында панельдік пікірталас өтті, бұл шарада әйелдердің жолаушы тасымалы саласындағы кедергілері мен мүмкіндіктері талқыланды. Іс-шараға inDrive қызметінің әйел жүргізушілері, құқық қорғаушы және инфлюенсер Жанна Уразбахова, журналист және профеминист Мади Мамбетов, Эверестті бағындырған алғашқы қазақ әйелі Анар Бурашева, медиаменеджер Айсана Ашим, журналист әрі белсенді Асем Жапишева, сондай-ақ inDrive компаниясының Қазақстандағы бизнес дамыту маманы Айнур Аханова және inDrive кантри менеджері Арай Бекембаев қатысты.

Жолаушылар тасымалы саласында жүргізушілер арасында гендерлік теңсіздік айтарлықтай тұрақты байқалып келеді, көп жағдайда бұл осы саладағы ерлердің басым болуымен сипатталады. Бұл үрдіс әлі де сақталып келеді, бірақ жолда әйел жүргізушілерді де жиі байқауға болады. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, әйел жүргізушілер ерлерге қарағанда жолда әлдеқайда осал.

«Жолаушы тасымалы саласындағы жүргізушілердің 90%-дан астамы – ерлер. Бұл салада ерлер әйелдерге қарағанда көбірек жұмыс істеуге бейім: олар күндіз де, түнде де жұмыс істей алады, бейтаныс адамдармен жабық кеңістікте қалудан қорықпайды деп ойлауға болады. Бірақ шын мәнінде олай емес. Тек әйелдер қатерге көбірек ұшырайды», – деді inDrive-тің Қазақстандағы бизнес дамыту маманы Айнур Аханова.

Сонымен қатар, жүргізушілер арасындағы қақтығыстар жиі айқай-шумен шешіледі, кейде күш қолданылуы да мүмкін. Ер жүргізушілердің рульге отырған әйелдерге қатысты негізсіз көзқарасы бары айқын байқалады.

«Егер жолда қателесіп қалсаңыз, терезеден: “Саған үйде отыру керек еді, Әйел!” – деп айғайлайды. Егер ер адам дәл сондай қателік жасаса, ешкім оған ас үйді нұсқамайды», – деді inDrive жүргізушісі Индера Молдагалиева.

Әйел жүргізушілер мен әйел жолаушылар өздерін жолда қауіпсіз сезінбейтін кездер болады. Осы орайда жолаушылар көбіне әйел жүргізушілерді таңдайды, себебі олармен жүру ыңғайлы. Құқық қорғаушы Жанна Уразбахова мұны былай түсіндірді:

«Әйелдер басқа әйелдердің жанында өзін қауіпсіз сезінеді. Олар бір-біріне “Қайда тұрсың? Телефон нөміріңді бере аласың ба?” деген сұрақтар қоймайды. Ер адамдар такси жүргізушісі болуды танысуға мүмкіндік деп ойлайды».

Сарапшылар әйелдердің қалаға сапарын ыңғайлы және қауіпсіз ете түсуге бағытталған бірқатар шешімдер ұсынды. Мысалы, этикалық тәртіп бойынша оқыту бағдарламасын жасау ұсынылды, себебі ерлер көбіне әдептен озбайтын әңгіме мен жеке шекараға өту арасындағы айырмашылықты түсінбейді. Тағы бір идея – жүргізушілерді жұмысқа алу кезінде олардың агрессия деңгейін және коммуникабельдігін бағалау үшін тестілеу.

inDrive өкілдері компанияның жұмыс моделі жүргізушілер мен жолаушыларға түрлі критерийлер бойынша бір-бірін таңдау мүмкіндігін беретінін атап өтті, бұл әйелдерге тек әйел жүргізушілердің ұсыныстарына жауап беру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, компания әйелдер үшін арнайы тариф енгізуді қарастырып жатыр. Бұл әлі жоспар ғана, бірақ 2025 жылы Қазақстанда осындай тариф енгізілуі мүмкін.

Сессияны Эверестті бағындырған алғашқы қазақ әйелі Анар Бурашева: «Әрқайсымыздың өз Эверестіміз бар – жақсы ана болу, карьерада биіктерге жету немесе басқа әйелдер үшін жолдарды қауіпсіз ету. Патриархал әлем бұған кедергі келтірмеуі тиіс», – деп түйіндеді.

Бұл шараны ұйымдастырушы inDrive компаниясы екі жыл қатарынан пікір көшбасшылары, блогерлер мен құқық қорғаушылардың қатысуымен талқылаулар өткізіп келеді, басты мақсат – жолаушылар тасымалы индустриясына объективті әрі бейтарап көзқараспен қарау. inDrive компаниясының мақсаты – сапарға қатысушылар үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау. inDrive-тің Қазақстандағы кантри менеджері Арай Бекембаевтың айтуынша, компания әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, тіпті кейбір шешімдер тікелей коммерциялық пайда әкелмесе де, инклюзивті ортаны дамытуға қолдау көрсетеді.

Сарапшылар осындай талқылаулардың саланың дамуына және жолаушы тасымалы нарығындағы барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететінін атап өтті.