Mountain View, CA – 2025 жылғы 6 ақпан — inDrive — 48 елде жұмыс істейтін жаһандық мобильділік пен қалалық сервистер платформасы. Sensor Tower нарықтық аналитика компаниясының дерегіне сәйкес, inDrive әлемде қатарынан үшінші жыл бойы ең көп жүктелген такси қосымшаларының үздік екілігінде қалды, 2024 жылы да қарқынды өсімін сақтап келеді. Сонымен қатар, inDrive саяхат санатындағы әлем бойынша ең көп жүктелген бес қосымшаның қатарына енді.

      inDrive қосымшасы 2024 жылдың желтоқсан айында 6,1 миллион рет жүктелді. Компанияның бірегей «адамнан адамға» баға қою моделі жолаушыларға қолжетімді көлік қызметтерін, ал жүргізушілерге әділ табыс мүмкіндігін ұсынуды жалғастыруда. Қазір inDrive 888 қалада жұмыс істейді және мобильділіктен тыс сервистерін де белсенді түрде дамытып келеді.

      Өткен жылы inDrive жүргізушілерге несиеге қолжетімділікті жеңілдету мақсатында Мексика мен Колумбияда өзінің қаржылық сервисі — inDrive.Money жобасын пилоттық режимде іске қосты. inDrive.Money бастамасы inDrive-дың 2030 жылға дейін кемінде бір миллиард адамның өмір сапасын жақсартуға бағытталған кең миссиясымен үйлеседі. Биыл бұл қызмет басқа елдерге де кезең-кезеңімен енгізілмек.

     Сонымен қатар, inDrive 2024 жылы саяхат санатында жүктелу саны бойынша 11 елде көш бастап тұрды. Олардың қатарында Египет, Марокко, Непал, Панама және Ямайка бар. Такси қызметінен және қаржылық сервистерінен бөлек, inDrive қалааралық тасымалдау, жүк пен курьерлік жеткізу қызметтерін де ұсынады.


          «inDrive-дың әлем бойынша ең көп жүктелген такси қосымшаларының үздік қатарында үшінші жыл бойы өз орнын сақтау — зор жетістік. Бұл біздің жаһандық командамыздың еңбегінің айғағы. Біз қолданбаны үздіксіз жетілдіріп, пайдаланушыларымызға шынайы құндылық ұсынуға тырысамыз және әрқашан басты мақсатымыз — әділ қызмет көрсетіп, адамдардың өмірін жақсарту — назарда ұстаймыз.

inDrive әділ бағамен сапалы көлік қызметтерін ұсыну және мүмкіндіктері шектеулі қауымдастықтардағы жүргізушілер үшін лайықты табыс көзі қалыптастыру бағытында тынымсыз еңбектеніп келеді. Еңбегіміздің осылайша соңғы қосымша жүктеу деректерінен тағы бір мәрте көрініс тапқаны біз үшін үлкен мәртебе.»


Арсен Томский
inDrive негізін қалаушысы және бас директоры

      *Sensor Tower және data.ai деректерінің біріктірілген жиынтығына негізделген (2024 жылы data.ai компаниясын Sensor Tower сатып алған)

      «Мобильділік туралы есеп» және оған енгізілген барлық түпнұсқа материалдар толықтай Sensor Tower, Inc. компаниясына тиесілі. © 2024.

      БАҚ өкілдері үшін сұрақтар бойынша press@sensortower.com мекенжайына хабарласыңыз.

inDrive туралы

   inDrive — АҚШ-та тіркелген, 48 елдегі 888 қалада жұмыс істейтін мобильділік пен қалалық сервистер платформасы. inDrive қосымшасы 280 миллионнан астам рет жүктелген және 2022 жылдан бері әлем бойынша ең көп жүктелген такси қосымшаларының үздік қатарында қалып отыр. Такси қызметінен бөлек, inDrive өзінің сервистер тізімін кеңейтіп келеді: оған inDrive.Money, қалааралық тасымалдау, жүк және курьерлік жеткізу қызметтері кіреді. Коммерциялық емес inVision бөлімшесі арқылы inDrive білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да маңызды бастамаларды қолдайды.

      Толығырақ ақпарат алу үшін www.inDrive.com сайтынан көре аласыз

Sensor Tower туралы

    Sensor Tower — әлемдегі ең ірі брендтер мен қосымша әзірлеушілерге арналған мобильді қосымшалар, цифрлық жарнама, ритейл медиа және аудитория туралы деректердің жетекші көзі. Компанияның миссиясы — әлемдік цифрлық экономиканы өлшеу және талдау. Марапатталған Sensor Tower платформасы мобильді қосымшалар мен цифрлық экожүйеге теңдесі жоқ түсінік береді, ұйымдарға нарықтағы өзгерістерден озып, негізделген стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасайды.

      2013 жылы құрылған Sensor Tower мобильді қосымшалар туралы аналитикалық деректері арқылы маркетологтарға, қосымша мен ойын әзірлеушілеріне мобильді экожүйені тереңірек түсінуге көмектесіп келеді. 2024 жылы компания data.ai платформасын сатып алып, мобильді және цифрлық нарық бойынша сенімді дерек көзі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтты.

      Қосымша ақпарат алу үшін www.sensortower.com сайтына кіріңіз.